«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНДАРТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЗІРЛЕДІ.

Құрметті қызмет алушылар!

Ақтөбе қаласының әкімдігі “Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау”жүйесін іске қосты. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қызметті алу үшін сайттағы жеке кабинетке кіру қажет.

mektep.akt.kz

“Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау” қызметін таңдау қажет.

Қазіргі уақытта жүйе (mektep.akt.kz) өтініш берушілерге онлайн режимде: бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру мүмкіндігін ұсынады.

Өтініш берген кезде байланыс ақпараттарын (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық поштаға және телефон нөміріне хабарламалар жіберілетін болады.

Авторизациялау терезесі көрсетіледі, онда “ЭЦҚ бойынша” кіру түрін таңдау, кілтті сақтау орнын таңдау және одан әрі “Сертификатты таңдау”батырмасын басу қажет. Бұдан әрі, ЭЦҚ кілтін (AUTH_RSA) таңдап, құпия сөз енгізіп, “ОК”батырмасын басу қажет.

Назар аударуыңызды сұраймыз!

Жүйеге бірінші рет кірген кезде авторизациядан өткеннен кейін электрондық поштаны көрсету қажет, “өтінім беру” бөлімін басып, мектепке қабылдау үшін қажетті деректерді толтыру қажет.

Құжаттар тізімі:

1-қосымшаға сәйкес стандартқа сай өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет),

туу туралы куәліктің көшірмесі  (егер бала 2008 жылға дейін туылса);

денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/ және № 026/у-3 нысандары (қажет болған жағдайда заңды өкілдердің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы)

баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.

Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына рұқсатхат;

2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) баспана іздеуші тұлға – баспана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – қолхат алу үшін бес жұмыс күні;

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:

күндізгі және кешкі оқу нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;

бірінші сыныпқа – 1 маусымнан 30 тамызға дейін;

құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген уақыт – 15 минут;

қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және оқу жылының басына орта білім беру ұйымына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қабылдау туралы бұйрық шығару.

Мектепке қабылдау туралы қадамдық нұсқаулық

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

“Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау,

орталық мемлекеттік басқару органына қарамастан, оқу үшін

бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін,

жалпы орта білім беру”

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 2015 жылы 8-сәуірде № 179 бекітілген)