«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

2018 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі жалпы республикалық “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету.
“№27 ОМЛ” КММ Ақтөбе қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылып, қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосуды сұрайды.
Әрқайсыларыңыз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындаудға көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аласыздар, оның «Мектепке жолы» ең бақытты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық көрсете аласыздар!
Барлық ниет білдірушілерге хабарласуларыңызды сұраймыз!
№ 27 ОМЛ-нің сенім телефоны: 8 (7132) 51-49-32
Мекенжай: Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 273А
Акцияның белсенді қатысушысы болыңыз!