«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ БАСТАЛУЫ

2018 жылдың 28-мамырында №27 орта мектеп-лицейінің 9-сыныбының 95 оқушысында қорытынды аттестаттау басталды. Төрт емтихан (оның ішінде біреуі таңдау бойынша) тапсырулары қажет.

Бүгін 9-сынып түлектері таңдау пәні бойынша емтихан тапсырады.

Оқушылардың таңдау пәндері:

  • Ағылшын тілі
  • Биология
  • География
  • Геометрия

Түлектерге сәттілік тілейміз!