«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

2017 жылғы 13-желтоқсанда шығармашылық академиясында 2017 жылдың 7-8-желтоқсанда №17 және №39 орта мектеп базасында өткен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін мүмкіндік жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.

Қазылар алқасының құрамында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ және С.Байшев атындағы АУ-нің ғылым докторлары мен кандидаттары, оқытушылары мен доценттері болды.

9-11 сынып аралығында 1526 қатысушының ішінде 30 оқушы  №27 орта мектеп-лицейінен қатысты.

№ 27 ОМЛ бойынша олимпиада нәтижелері

Атыжөні Класс Орын Мұғалім
Қазақ тілі
Байбулатова Мадина 9 А II орын Ажымбаева А.К
Орыс тілі
Тлеубаева Мерей 9 А III орын Буракова Е.В
Попова Алена 10 А III орын Буракова Е.В
Мухит Жанна 11 А III орын Буракова Е.В
География
Бисенбайулы Куаныш 10 А II орын Ишеева Д.А.
Ағылшын тілі
Гумарова Аида 10 Б II орын Назарова К.А.
Биология
Лунегова Дарья 11 А II орын Наурзбаева А.М

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!