«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕҢІС

Дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі іс-шаралардың бірі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқан математика, физика, химия және биология пәндерінен президенттік олимпиада болып табылады.

Президенттік олимпиаданың идеясы – қазақстандық оқушылардың білімін, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге танымдық қызығушылығын арттыру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Х мерейтойлық Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 2017 жылғы 7-10 қараша аралығында Теміртау қаласында өтті.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті базасында олимпиада іріктеудің күрделі өңірлік кезеңдерінен өткен 160-қа жуық дарынды оқушыларды біріктірді.

Президенттік олимпиаданың қазылар алқасының шешімімен II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен 11 “А” сынып оқушысы Лунегова Дарья марапатталды.

Олимпиада жүлдегерін дайындаған мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.

Лунегова Дарьяны жетістігімен құттықтаймыз, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!