«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕМИНАРЫ

17.11.2017 ж. Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты “ӨРЛЕУ” БАҰО “Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі” КММ базасында “Тарих сабақтарында инновациялық технологияларды тиімді қолдану” тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізді.

Семинарды №27 ОМЛ директоры Д.П. Тулемисов ашып, білім беруде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын және инновациялық әдістерді қолдануды атап өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық цикл сабақтарында “Мәңгілік ел” ұлттық идеясын жүзеге асыру жолдары” тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты А.Е.Балсейітова баяндама жасады.

Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ үзінділерін көрсетті:

5-сыныпта “Алтын адам “археологиялық олжасы” тарих пәнінің мұғалімі. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базарова М. М., 7-сыныпта “Крест жорықтары христиан Еуропасын және мұсылман әлемін қалай өзгертті” тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галиева А.Т., тарих мұғалімі, бейіндік оқыту бойынша директордың орынбасары О.Е.Ожерельев “Қазақстан тарихы бойынша қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық ерекшеліктері” атты дөңгелек үстел өткізді.

Тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Турышева Әлия-Мәншүк мектеп мұражайына “Мұражай – азаматтық-патриоттық тәрбие құралы ретінде” тақырыбында экскурсия өткізді.

Семинар рефлексия және пікір алмасумен аяқталды.