«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ЕЛБАСЫ “ТУҒАН ЖЕР”ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

2017 жылдың 28-29  қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жеткен жандардың туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту мақсатында “Туған жер” форумы өтті. Форумға қатысу үшін өңірге әлемнің 21 елінен 300-ден астам делегат келді.

Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда “Туған жер” атты театрландырылған қойылымда. 4,5 мың қатысушының арасында біздің мектептің оқушылары да болды.

Форумға белсенді қатысқаны үшін № 27 орта мектеп-лицейінің оқушылары, ата-аналары және ұжымы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.