«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ӨРШІЛ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫ БАЛАЛАР НАЗАРЫНА!

“Мектеп Ұланбасы” үміткерлеріне сайлау өткелі жатыр!
Мектептің Ұланбасы болуы керек. Ол мектептің іс-шарасына белсене қатысып, оқушы-азаматтардың ар-ожданын қорғай алатын, сабаққа үлгермеушілікпен күресіп, оқушылардың қоғамдық өміріне, олимпиадалар мен байқауларға қатысуына жан-жақты қолдау көрсететін лайықты  жан болуы керек.
Өзгеріс уақыты келді және Сіз мектебіміздің көшбасшысы болуыңыз мүмкін!  Өзін мектеп Ұланбасына лайық деп таныған әрбір жан 107-кабинетке өтінім бере алады.
Сайлау науқаны аптаға созылады, оның барысында сіз немесе сізге қолдау көрсететін топ  дауыс жинау үшін оқушыларға насихат жұмыстарын жүргізеді.
Сайлау өткен соң мектептің жаңа Ұланбасы бастаған жаңа дәуірі басталмақ. Мектеп тағдырына әсер ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Қатысушылар 8-9-10 сынып оқушылары
Өтінімді 16.10.2017 жылға дейін 107-кабинетке тапсыру сұралады

Сайлаушыларға жадынама:
Әрбір оқушы тек лайықты деген жанға дауыс беруге ант береді;
* Әр оқушы тек бір үміткерге дауыс беруге ант береді;
* Оқушыға қысым көрсетуге, өз пікірін таңуға ешкімнің қақысы жоқ;
* Дауыс беру кезінде тәртіп сақталуы керек.