«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

№27 ОМЛ БОЙЫНША ҰБТ-2017 НӘТИЖЕЛЕРІ

Білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты ҰБТ форматы өзгерді.

ҰБТ-ға тек қазақстандық жоғары оқу орындарына түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға ниет білдірген түлектер ғана қатысады. Сондай-ақ аттестаттың бағасынан ұпай аударудың бұрынғы жүйесі жоқ.

2017 жылғы 24 маусымда №27 ОМЛ түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

2016-2017 оқу жылындағы 41 түлектің 28-і (68,3%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

ҰБТ-ға қатысудан бас тартқандар – 13 (31,7%), жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарына түскен немесе түскелі жатқан түлектер.

Ең жоғары балл – 140 баллдың 123-ін Абдикаликова Арудана жинады.

5 түлек 100-ден жоғары балл жинады:

  1. Абдикаликова Арудана – 123 балл
  2. Абылхатов Бахытжан – 120 балл
  3. Досова Эльвира – 118 балл
  4. Есенгалиева Мадина – 114 балл
  5. Исмагулов Райымбек – 111 балл

ҰБТ тапсырғандар саны бойынша орташа балл – 82,1 балл.

«Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Салимов Ратмир Ресей Федерациясының жоғары оқу орнына түсуге шешім қабылдап, ҰБТ-ға қатыспады.

№27 ОМЛ оқушылары арасында ҰБТ кезінде аудиториядан шығару және нәтижелерін жою болған жоқ.