Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шаралар

2025 жылдың 3 қазан күні №27 орта мектеп-лицейінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Оқушылар ұстаздарын құрметтеп, ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдер арнады. Мерекелік концерт барысында ұстаздарға гүлдер мен сыйлықтар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздар еңбегін бағалау, шәкірт жүрегінен шыққан алғысты жеткізу болды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ