Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына, тәрбие мен ізгілік бастауы. Осыған орай 2-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында «Толағай» атты отбасылық-спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық ынтымақ пен бірлікті нығайту болды.
Сайысқа қатысқан отбасылар шапшаңдық, ептілік, күш пен ұйымшылдықты қажет ететін қызықты жарыс түрлерінде бақтарын сынады. Әрбір отбасы белсенділік танытып, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға тәттілер табысталды. Ал бас жүлдені жеңіп алған 2а сыныбы атынан шыққан Сапаровтар отбасына “SKYPARK” -ке сертификат табысталды.
