Сүйікті кітапқа иллюстрация

Кітапхана іс-шарасы

№27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында «Ұлттық құндылықтар» айлығы аясында «Сүйікті кітапқа иллюстрация» байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 4-сынып оқушылары қатысып, 16 жұмыс келіп түсті. Жас оқырмандарға өздерінің сүйікті кітабын, сүйікті кейіпкерін немесе сүйікті шығармасының эпизодын қағаз бетіне түсіруді сұрады.
Балалардың жұмыстары жан-жақты және тартымды болды. Әрбір сурет мазмұны бойынша ерекше болды.
Барлық жұмыстар дипломдармен марапатталды. Әр бала өзінің даралығын, қиялын көрсетуге тырысты.
Шара соңында кітапханашы У.Ж. Құмықбаева «Ертегілер арқылы саяхат» атты викторина өткізді. Балалар ертегілер мен олардың кейіпкерлері туралы қызыға еске түсіріп, викториналық сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.
Барлық қатысушыларға, сонымен қатар ұстаздар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз және баршаңызға шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейміз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ