«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №3 қалалық кітапханамен бірлесіп «Шіркін сөз-ай, құдіретті…» атты поэзия сағаты өтті.
Кітапхана меңгерушісі Г.К. Үналбаева «Бір ел – бір кітап» слайдын көрсетіп, онда қазақтың екі ұлы жазушысы Такен Әлімқұлов мен Жұмекен Нәжімеденов 2025 жылғы науқанға іріктеліп алынғаны туралы айтылды.
«Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты – оқу ғана емес, оқығаныңды түсіну. Кітапхана меңгерушісі Ү.А.Қанибуллаева жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын, оның шығармаларының қайталанбас ерекшеліктерін, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін талқылап, қызықты әдеби шолу жасады.
Шараға 7 «А» және 7 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар автордың өлеңдерін жатқа оқыды. Шара соңында оқушылар белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Шараға жауаптылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қ. Алиева мен кітапханашы Г.К. Уналбаева.
