Отбасы күніне орай мектебімізде “Менің бақытты отбасым” тақырыбымен фотогаллерея шығарылды. Мақсаты:
оқушылардың ата-аналарына, туыстарына деген сүйіспеншілігін, сыйластығын арттыру,
бала бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бақытты отбасы үлгісін көрсету.
Фотогалерея барысында оқушылар өз отбасыларымен түскен ең жарқын, ең есте қаларлық сәттерін сурет арқылы паш етті. Әр фото – мейірім мен жылулыққа толы, шынайы махаббаттың, сыйластық пен бірліктің айғағы болды.
