Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында №27 орта мектеп–лицей кітапханасында 4 «Г» және 6 «Д» сынып оқушылары арасында «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық тақырыпта кітапханалық сабақ өтті.
Іс-шараның мақсаты мектеп оқушыларын мерекенің тарихымен таныстыру, мемлекет егемендігінің маңыздылығын көрсету, патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды.
Кітапханашы Г.К. Уналбаева мемлекеттік рәміздер және олардың маңызды рөлі, сондай-ақ тәуелсіздік тарихы, ұлттық мерекелер, ұлттық валюта, халықтың көпұлтты құрамы туралы айтты.
Оқушылар викторинаға белсене қатысып, Қазақстан тарихы мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында «Қазақстан – рухы биік ұлы өлке!» атты кітап көрмесі ұсынылды. Олар көрмеге қойылған Отанымыздың мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі туралы кітаптарды қызығушылықпен тамашалады.
Кітап оқу білімділікке, отансүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге баули берсін!
