Қазақстан – рухы биік ұлы өлке!

Кітапхана іс-шарасы

№27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Қазақстан – рухы биік ұлы өлке!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – тәуелсіз мемлекет тарихымен таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өткенге құрметпен қарауға баулу және қазіргі Қазақстан туралы түсінік қалыптастыру.
Көрмеде Қазақстан жайлы, қазақ халқының тарихы, тұрмысы, мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы тереңірек танысуға мүмкіндік беретін кітаптар қойылған.
Тәуелсіздік пен көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі – болашақ еліміздің гүлденуі мен табысының кепілі.
Баршаңызды кітап көрмесіне шақырамыз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ