1 қазан – Қарттар күні
Ақтөбе қаласындағы №27 мектеп-лицейінде ардагер ұстаздар мен мектепте ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге арналған жылы әрі әсерлі кездесу өтті.
Мерекелік, достық атмосферада ардагерлер Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Дастархан басында ризашылық пен құрмет сөздері айтылды.
Қонақтарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама мектептің кәсіподақ ұйымы, оқушылар парламенті және мектеп қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Мұндай кездесулер ұстаздар ұрпағын біріктіретін, мектептің ең жақсы құндылықтарын сақтап келе жатқан дәстүрге айналды.
