Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа — лицей № 27 города Актобе» государственного учреждения «Отдел образования города Актобе»

Ақтөбе қаласы бойынша 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау жүріп жатыр

Ақтөбе қаласы бойынша 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау жүріп жатыр

Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына

дейін жүзеге асырылады. Құрметті ата-аналар, сіздерді балаларды бірінші

сыныпқа қабылдау үшін белсенді өтінім берулеріңізді сұраймыз.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті

құжаттардың тізбесі

1) өтініш;

2) денсаулық жағдайы туралы анықтама № 065/y нысан № 026/у-3 нысан); 3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.